about us icon Пресс-центр
icon printer Печать

Новости

news image

Балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналармен кездесу 2022

Балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналармен кездесу 2022 жылдың 4 қараша күні…

7, ноября

Балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналармен кездесу 2022 жылдың 4 қараша күні №1 шымкент қалалық емханасы мәжіліс залында, балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. 1.кіріспе сөзді емхана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасры д.т.қазахбаева ашып, кездесуге келген шымкент қаласының дін істері басқармасы «дін мәселелерін зерттеу орталығы» маманы тиолог рахымжан абдувахидұлын таныстырып өтті. Жиналудың себебі жоспарлы екпе салудан бас тартушылармен екпе салудың маңыздылығына тоқталып түсіндіру жұмыстарын осы дін істері басқармасынан келіп отырған ,екпе жұмысын жүргізетін дәрігерлермен медбикелерге қойылатын сұрақ жауап ретінде жүргізілетіндігіне тоқталып өтті.жұқпалы аурулардың вакцинамен игерілетін ауру екендігіне тоқталып, қр үкіметінің қаулысы бойынша екпе жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес жоспарлы екпелер жүргізілетінін айтты.жұқпалы аурулардың мүгедектікке ,өлімдік жағдайға және де көп ауқымды қамтып,аурулардың өршуіне алып келетіндігіне тоқталып өтті.вакцина салудың арқасында көптеген жұқпалы аурулардың дифтерия ,көкжөтел, сіріспе ,полиомиелит ауруларының жоқтығын айтты. 2. Байдыбекова з ,иммунолог дәрігер, халыққа профилактикалық екпені жүргізуге қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы қр ұэм-нің 2018ж 13. 06. №361 бұйрығы негізінде жүргізілетінін айтты.осы вакцинация жасаудың арқасында көптеген аурулардың азайып,мүлдем тіркелмей жатқаны туралы,мысалы. Вирустық гепатит а ға қарсы вакцина салғалы бері аурырған жоқ,вакцина алмағандар арасында бірен-сараң кездеседі.қызылшаға қарсы вакцина 1 жаста және 6 жаста салынады.бірақ осы вакцинаны алудан бас тартушылардың көбеюіне байланысты аурушаңдық кездеседі.мысалы: қызылшаға қарсы вакцина алған аналардың иммунитеті жаңа туған балараына беріліп,оларды 1 жасқа дейін қорғайды.

 

Контакты

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №1"

Адрес:

Email:

РК, г.Шымкент, пр. Тауке хана, д.35

1emhana@shymzdrav.kz

phone icon 1415
Единый контакт-центр
phone icon 53-43-75
Контактный центр медицинского учреждения