about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Шымкентте “СПУТНИК V” вакцинасының екінші дозасын егу басталды

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов салдырды…

22, февраля 2021

Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде “Спутник V” вакцинасының екінші дозасын егу жұмыстары басталды. Вакцинация шаһардағы төрт екпе бекетінде жүргізілуде.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов салдырды.


«1-19 ақпан күндері аралығында “Спутник V” вакцинасының 1000 дозасын салып бітірдік. Күні кеше бізге тағы 1000 доза вакцина жеткізілді. Бүгін таңертең төрт емханаға вакцина таратылып, егу жұмыстары жүргізілуде. БҰған дейін вакцина алғандар екінші дозасын алуы қажет. Бүгін мен өзім екінші дозасын алдым. Қазір жағдайым жақсы», – дейді басқарма басшысы Позилов Бақытжан.


Айта кетейік, қалаға жеткізілген “Спутник V” вакцинасының екінші дозасын коронавирус инфекциясымен алдыңғы шепте күресетін медицина қызметкерлері алады. Мұнан кейін жоспар бойынша өз еркімен келісім берген мұғалімдер мен полицейлерге салынбақ.


ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ


Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №1"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, пр. Тауке хана, д.35

1emhana@shymzdrav.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-43-75
Медициналық мекеменің байланыс орталығы