Адам өмірінің сақшысы саналатын ақ халатты абзал жандарға алғыс айтылып, құрмет көрсетіліп жататыны орынды. Қолы жеңіл, жылы сөзі дертке дауа, оған қоса кәсіби біліктілігі биік деп айтылатын теңеулердің абзал жандарға арналуы заңды да. Алғысқа бөленген ақ халаттылардың бірі – Мұстафаева Айжан Серікбайқызы.
Бүгінде Шымкент қалалық №1 емханада жалпы тәжірибелі дәрігер болып қызмет атқаратын кейіпкеріміз С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ-ін емдеу ісі бойынша, одан кейін интернатураны, резидентураны тәмәмдаған жоғары білікті дәрігер. Түрлі дертпен алдына келген науқастарға дер кезінде көмек қолын созып, нақты диагнозын қойып, одан қалса жылы сөзімен демеп жіберетін дәрігерге ризашылықтарын білдіретін жандар көп.
Дүниені дүр сілкіндірген пандемия кезінде де барын салып еңбектенді. Тұрғындарға сақтық шараларын қолға алуы жөнінде ескертпелер айтып, сырқаты сыр берген жандарды емдеуде барын салды. Ауыр кезеңде күн-түнімен санаспай карантиндік режимде отбасынан алыстап, халық денсаулығы жолында аянбаған дәрігер біліктілік биігінен көрінді.
Саналы ғұмырын адам денсаулығын сақтау саласына арнап, аянбай еңбек етіп келе жатқан білікті дәрігерге алғыс айтушылардың қатары қалың.
Жаңалықтар
Алғыс арқалаған абзал жан
Адам өмірінің сақшысы саналатын ақ халатты абзал…
Байланыстар
ШЖҚ "№1 Қалалық емхана" МКК"Мекен-жайы:
Email:
РК, г.Шымкент, пр. Тауке хана, д.35
1emhana@shymzdrav.kz