МӘМС пакетіндегі стоматологиялық көмек тізімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын азаматтардың жекелеген санаттарына ұсынылады.
❗ Жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі.
❗ Шұғыл стоматологиялық көмек 10 санаттағы азаматтарға қолжетімді:
?️ 18 жасқа дейінгі балалар;
?️ Жүкті әйелдер;
?️ Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
?️ 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
?️ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
?️ Атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
?️ Жасына байланысты зейнетке шыққандар;
?️ Инфекциялық, әлеуметтік-маңызды аурулармен және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар;
?️ Мүгедек балаға күтіміне байланысты жұмыс істемейтін тұлғалар;
?️ Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар.