Туберкулез – Қазақстан үшін өзекті мәселе. Сырқаттану деңгейі жоғары болып қала береді. Бірақ кейде «Туберкулез енді жоқ!» және «БЦЖ тиімсіз!» деген пікірлер естуге болады. Бүгін осы қауесеттерді қарастырайық. Туберкулез (ТБ) – әлемдегі ең қауіпті аурулардың бірі және ол өте жұқпалы болуы мүмкін. Біздің елде дәріге төзімді штаммдар басым, яғни туберкулезге қарсы барлық белгілі дәрі-дәрмек әрдайым жұмыс істей бермейді. Сондықтан БЦЖ вакцинасы Қазақстан үшін ерекше маңызды.
БЦЖ вакцинасы балалар үшін өте қажет, себебі вакцина оларды өмірінің алғашқы жылдарында туберкулездің ауыр, өлімге әкелетін түрлерінен қорғайды. 10 клиникалық зерттеулердің мета-сараптамасы милиарлы туберкулез бен туберкулез менингитінен орташа 86% қорғанысты көрсетті. Бұл БЦЖ-нің балалар туберкулезының ауыр түрін алдын алудағы маңыздылығын көрсетеді.