about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

2022 жылы пациенттер медициналық сақтандыру қорына қандай шағымдармен жүгінді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында өткен жылы Қорға жүгінген азаматтардың…

7, февраля 2023

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында өткен жылы Қорға жүгінген азаматтардың өтініш-шағымдары бойынша қорытынды жасады. 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін Бірыңғай ақпараттық медициналық Call-орталығына 759 164 өтінім келіп түскен.  Оның ішінде 707,5 мың адам кеңес алса, 24 мың жүгінуші шағым қалдырды.   

 

Талдау көрсеткендей, өтініштердің 85%-ында 1406-ға қоңырау шалынған. Шамамен 14% өтінім Қорға «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына келіп түсті. Қордың fms.kz ресми сайты, Telegram-дағы @Saqtandyrýbot, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты мен блогы сынды кері байланыс арналары да халық арасында танымал. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өткендей, өтінімдердің 93%-ында кеңес берілсе, 50 мыңнан астам өтінімді егжей-тегжейлі қарау және жауап беру үшін 2-ші және 3-ші қолдау желісіне жіберілді.

Астана, Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры операторларының кеңесін белсенді пайдаланады.

Қорда атап өткендей, республикалық маңызы бар қалаларда ел халқының 20%-ы тұрады. Сәйкесінше бұнда медициналық қызметтерді тұтынушылар  басым әрі халық тарапынан жиі сұрақтар қойылады. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзін пациенттердің омбудсмені ретінде ұстанатыны көпшілікке мәлім. Сол себепті адамдар медициналық көмек алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда  Қорға жазып, хабарласады.  

Өткен жылы пациенттер Қорға 24 мың шағым жіберген. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда олардың саны 35%-ға артты (2021 жылы 17,7 мың шағым). Шағымдардың жартысына жуығы Алматы, Астана қалаларына және Қарағанды облысына тиесілі.

Азаматтар көбінесе медициналық көмектің сапасыз көрсетілгенін айтып шағымданады (32,6%). Екінші орында – медициналық көмек көрсетуден бас тарту тұр (19%). Сондай-ақ медициналық көмекті ұзақ күту (5,8%), дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуден бас тарту (4,8%), этика мен деонтологияны бұзу  (4%), медициналық ұйымның  ақпараттық жүйелерінде  көрсетілмеген қызметті көрсетілді деп көрсеткен жалған ақпарат (3,2%) бойынша шағымдар түсті.

 «Пациенттер өз емханаларында бейінді мамандар болмаған кезде, басқа медициналық ұйымдарға жолдама ала алмағандарын немесе  ақылы негіздегі тексерулер мен консультацияларға жіберілгендерін, сонымен қатар, уақтылы ем ала алмай немесе сапасыз емделгендерін, бейінді дәрігерлердің консультацияларын ұзақ күткендерін, медицина қызметкерлерінің  дөрекі әрекеті,  ТМККК кіретін медициналық көмекті алуға сақтандыру мәртебесін заңсыз талап еткендерін және өз құқықтары бұзылғанын айтып шағымданады», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры. 

 Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары әрбір шағым бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді және оның қорытындысы бойынша бұзушылықтар  расталған жағдайда айыппұл санкциялары қарастырылады.

Қор келіп түскен өтініш-шағымдарды талдау және мониторинг арқылы кері байланыс сапасына халықтың көңілі толғанын анықтайды.  Жыл қорытындысы бойынша 95,3% толыққанды жауап беріледі.

2022 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі 12 айға 79 646 өтініш-шағымдар келіп түскен, соның ішінде 74 338 кеңес алса, 1121 шағым түсірген. Өтініш-шағымдар көбіне «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасына және Call-орталығы арқылы медициналық көмектің сапасыз көрсетілгені, медициналық көмекті ұзақ күту және  дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуден бас тарту жөнінде түскен.

Медициналық қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда, медқызметтердің сапасына көңілі толмаған пациенттер медициналық ұйымнан ресми жауап алу және тиісті шаралар қабылдау үшін  жоғарыда аталған байланыс арналары бойынша міндетті түрде ресми өтінім қалдыру қажет. 

Әлеуметтік желілерде жазылған шағымдар процессуалдық шешім қабылдау үшін ресми өтінім  болып табылмайды.

 

 Егер тағы сұрақтар туындап жатса, сіз өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде  мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналары арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты,     1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтында egov.kz “Денсаулық сақтау” бөлімінде “Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат” мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады. 

Байланыстар

ШЖҚ "№1 Қалалық емхана" МКК"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, пр. Тауке хана, д.35

1emhana@shymzdrav.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 53-43-75
Медициналық мекеменің байланыс орталығы