Бұл хэштег арқылы біз белгілі бір вакцинаның қалай әрекет ететінін айтып береміз, сонымен қоса түрлі вакциналардың құрамын және ағзаның реакцияларын талдаймыз. Бүгін егуден кейінгі дене қызуының көтерілуі не себепті ағзаның вакцинацияға деген қалыпты жауабы екенін айтатын боламыз. Дене қызуының неліктен көтерілетіні туралы ойланып көрдіңіз бе? Бұл ағзамыздың ежелгі, алғашқы эволюциялық-қорғаныстық механизмдерінің бірі. Дене өз қызуымен бөтен агент – инфекциямен – кездескенге жауап береді. Ағза “жат” нәрсенің енгенін анықтаған кезде, термореттеу үшін жауапты мидың кіші бөлігі гипоталамусқа бірден сигнал жібереді. Қауіп туралы дабыл алынғаннан кейін, адамның жүрек соғысы жиілейді, тамырлар кеңейеді, дене жылиды. Мұндай қабыну реакциясы ақуыздар мен иммундық жүйе жасушаларының мобилизациясына әкеледі. Вакцинация кезінде ағза инфекцияның “демо-нұсқасына” тап болады. Бұл тек әлсіз патоген не оның бір бөлігі ғана, мүлдем қатал инфекция емес. Олай болса, дене қызуы неліктен көтеріледі? Біздің ағза өте нәзік, сондықтан вакцина антигендерімен кездесудің өзі дене қызуының көтерілуін қоздыра алады. Ол – жаксы реакция. Бұл иммунитеттің бөтен антигенге жауап беріп, ииммундық жауаптың және антиденелер бөлінуінің белсендірілуі үшін дабыл беретінін білдіреді.
Егуден кейін дене қызуы көтерілмесе де – бұл қалыпты реакция. Әр адамның иммундық жүйесінің өз ерекшеліктері бар.